Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Оралда мемлекеттік қызметшілер тест тапсырды
Оралда мемлекеттік қызметшілер тест тапсырды
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламсының міндеттерін жүзеге асыру барысында  2013 жылдың 14-17 мамыр күнідері Батыс Қазақстан облысының (Орал қаласы, Ақжайық, Жәнібек, Жаңғалы, Казталов, Бөкей аудандары) мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу өткізілді.
Осы іс-шараны өткізуге Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы басшысының ұйымдастыруымен басқарма қызметкерлері және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жауапты қызметкерлері жоғары деңгейде жүзеге асырды.
Тестілеуге аудан әкімінің аппарат қызметкерлері, мемлекеттік орган басшылары мен қызметкерлері және білім беру мекемелерінің оқытушылары қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны 2002 адамды құрады, оның ішінде Орал қаласы – 1492, Ақжайық ауданы бойынша – 510 адам тестілеуден өтті. Оның ішінде 1390 – мемлекеттік қызметші, 120 – мемлекеттік емес ұйым қызметкері, 492 – бюджеттік сала қызметкері.  
Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 83,4% үшін тест қиындық туғызбаған. Ал 16,6% қатысушыға қиындық туғызуының себебі: тестіленушінің 4,7% үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды (орыстар – 3,6%, белорустар – 0,05%, украиндар – 0,5%, татарлар – 0,4%, кәрістер – 0,05%, чуваштар – 0,05%,  поляктар – 0,05%); Ал 99% тестілеуден бірінші рет өткен. Сонымен қатар «Тыңдалым» бөлігін тыңдауда, «Оқылым» бөлігін оқып түсінуде аздаған қиындықтар туындады.
Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің нәтижелігі қазақ тілін оқыту курстарында оқытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх