Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қызылордалық  мемлекеттік қызметшілер қазақ тілін меңгеру бойынша емтихан тапсырды
Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер қазақ тілін меңгеру бойынша емтихан тапсырды
Ұлттық тестілеу орталығы 2012 жылдың 22-23 тамыз аралығында Қызылорда облысы әкімінің және облыстық Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша байқау сынақтарын өткізді. Байқау сынақтарына жалпы 735 тестіленуші қатысты. Олардың ішінде Қызылорда қаласы бойынша қалалық әкімдіктің мемлекеттік қызметшілері, азаматтық және тағы да басқа сала қызметкерлері бар.
Тестілеу қызметкерлердің қазақ тілін орта деңгейде меңгеруін бағалау бойынша өткізілді.
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау халықаралық тіл білімін бағалау жүйелеріне сәйкес сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым) бойынша жүргізілді.
Байқау сынақтары Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында өткізіліп отыр.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх