Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы қаласы бойынша аудан әкімдіктерінің барлық мемлекеттік қызметшілері қазақ тілін меңгеру бойынша емтихан тапсырды
Алматы қаласы бойынша аудан әкімдіктерінің барлық мемлекеттік қызметшілері қазақ тілін меңгеру бойынша емтихан тапсырды
Алматы қаласы бойынша барлық аудандардың әкімдіктеріндегі мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға тестілеу емтихандарын тапсырды. 2013 жылдың 13-14 ақпаны аралығында Жетісу, Алатау, Түрксіб, Медеу аудандары әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтаудың тестілеу емтиханын тапсырған болса, ағымдағы жылдың 12-14 наурызы аралығында Бостандық, Алмалы және Әуезов аудандары әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері тест тапсырды. Сонымен Алматы қаласы бойынша барлық 7 аудан әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ бойынша қазақ тілін меңгеру тестілеуінен өтті. Мегаполис бойынша барлығы 197 мемлекеттік қызметші емтиханға қатысты. Әрбір тест нұсқасы 150 тапсырмадан тұрады. Оның ішінде тыңдаған немесе естіген, оқыған материалдарды түсінгенін бағалауға және қазақ тілінің лексика-грамматикалық материалдарын күнделікті өмірде қолдана білу дәрежесін анықтауға арналған тест тапсырмалары бар.
Тестілеуге қатысушалардың басым көпшілігі мемлекеттік тілді меңгеруге ынтаны арттыруда ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының лайықтылығын атап көрсеткен. Тест аяқталғаннан кейінгі тәуелсіз сауалнама нәтижесі бойынша қатысушылардың 85%-ға жуығы тапсырмалардың олар үшін қиындық туғызбағанын, тіл меңгеруге ықпалының жоғарылығын көрсеткен. Тестіленушілер өздерінің мемлекеттік тілді меңгеру дәрежелерін де жоғары бағалап көрсеткен. Бұл өз ретінде азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруге ден қойғандығының көрсеткіші.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх