Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік және азаматтық қызметкерлері мемлекеттік тілді білу бойынша тест тапсырды
Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік және азаматтық қызметкерлері мемлекеттік тілді білу бойынша тест тапсырды
2013 жылдың 11-15 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік және азаматтық сала қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша кезекті тестілеуі өткізілді.
2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік мекемесінің тіл оқыту орталығы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында бірінші рет Петропавл қаласы, М.Жұмабаев, Г. Мүсірепов, Қызылжар аудандарының мемлекеттік және азаматтық сала қызметкерлері арасында тестілеу өткізді.
Ағымдағы жылда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют, Айыртау, Тайыншы аудандарында және Петропавл қаласында қарапайым, базалық, орта деңгейлер бойынша тестілеу ұйымдастырылды.
Тестілеуге әкім аппаратының қызметкерлері, аймақ әкімдері, құқық қорғау органдары, медицина мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны 1122 адамды құрады, оның ішінде Петропавл қаласы бойынша – 761,  Мамлют ауданы бойынша – 91, Айыртау ауданы бойынша – 110, Тайыншы ауданы бойынша – 160 адам тестілеуден өтті.  
Тестіленушілерге есту арқылы, оқу арқылы қабылдаған мәтіндерді түсіну және қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.
Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 33%-ы үшін тест қиындық туғызбады. Ал 63% қатысушыға қиындық туғызуының себебі: тестіленушінің 38% үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды, оның ішінде – орыс – 25%, татар – 3%, украин – 3%, поляк – 2%, неміс – 2%, белорус – 1%, армян – 1%, кәріс – 1%; 60 % тестілеуден бірінші рет өткен. Сонымен қатар «Тыңдалым» бөлігін тыңдауда да қиындықтар болды.
Жалпы тестіленушілер тарапынан тест құрылымы, жауап парағын толтыру мен тестілеу технологиясы бойынша қиындықтар туындаған жоқ.  Бұл – Солтүстік Қазақстан облыстық Мемлекеттік тілді оқыту орталығы қызметкерлерінің жемісті еңбегінің дәлелі.
Тестілеудің бұл кезеңі азаматтарды сертификаттауға дайындық шарасы болып саналатындығын ескере отырып, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау белгілі бір деңгейде қазақ тілін меңгергендігін растайтын ҚАЗТЕСТ сертификатын алуды меңзейтіндіктен, мұндай тестілеудің нәтижелілігі тестілеудің технологиялық жағынан, сондай-ақ тестіленушінің психологиялық дайындығынан да тікелей көрініс табады деуге болады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх