Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері Талдықорған қаласында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері Талдықорған қаласында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында 2013 жылдың 9-12 қыркүйек аралығында Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері Талдықорған қаласында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеу емтиханын тапсырды.
Тестіленушілерге есту арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық құрылым), оқыған мәтіндерді түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.
«Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мен Алматы облысының облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемелері осы іс-шараны жоғары деңгейде өткізе білді.
Байқау тестілеуіне қатысушылардың жалпы саны облыс бойынша 468 адамды құрады. Оның ішінде 463 мемлекеттік қызметкерлер, 5 бюджеттік сала қызметкерлері.
Тестіленушілердің ҚАЗТЕСТ жүйесі байқау сынағын тапсырудағы сауалнама нәтижесі бойынша 14% қиын деп санаса, 74% орташа, 12% жеңіл деп көрсеткен. Тест тапсырушылардың 8% өзге ұлт өкілдері болып табылады. Олар: 21 – орыс, 7 – татар, 8 – ұйғыр, 1 – неміс, 4 – кәріс ұлт өкілдері қатысты.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх