Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Шығыс Қазақстан облысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша кезекті қорытынды байқау сынағы өткізілді
Шығыс Қазақстан облысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша кезекті қорытынды байқау сынағы өткізілді
2013 жылдың 16-20-шы қыркүйек аралығында Ұлттық тестілеу орталығы Шығыс Қазақстан облысы Лингвистикалық орталығының ықылас білдіріп ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша кезекті қорытынды байқау сынағын өткізді.
Байқау сынақтарына Cемей, Өскемен, Риддер, Курчатов қалалары мен Зырян, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Ұлан, Көкпекті, Глубокое аудандарының 1850 мемлекеттік қызметшіcі қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының Лингвистикалық орталығы 2010 жылдан бері мемлекеттік және азаматтық қызметшілер арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін кешенді түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы бағалау шараларын өткізіп келеді. Қорытынды байқау сынағына әкімдік, салық комитеті, кеден комитеті, Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздікті қорғау комитеті, Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университеті қызметкерлері қатысты.
Бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр. Мемлекеттік бағдарламада мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін  арттыру мақсатты индикатор ретінде жылдарға бөліп көрсетілген. Мемлекеттік тілді меңгерген азаматтардың үлесін ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы анықтау тапсырылған.
Тестілеуге қатысушылардың саны: Cемей қаласы (Курчатов, Бородулиха, Бесқарағай аудандары) – 564 мемлекеттік қызметші және бюджеттік сала қызметкерлері,  Өскемен қаласы – 646, Риддер қаласы – 76, Зырян ауданы – 154, Шемонаиха ауданы – 93, Ұлан ауданы – 117, Көкпекті ауданы – 101, Глубокое ауданы – 99 мемлекеттік қызметші. Шығыс Қазақстан облысы бойынша өзге ұлт өкілдерінің саны 400-ге жуық болса, олардың 350-і орыс ұлтының өкілдері, қалғаны татар, украин, неміс, азербайжан, қырғыз, болгар, кәріс ұлтының өкілдері құрады.
Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 36,7%-і үшін тест қиындық туғызуының себебі: тестіленушінің 22% үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды, оның ішінде – орыс – 19%, татар – 1,5%, украин – 0,5%, неміс – 0,5 %, азербайжан – 0,1%, қырғыз – 0,1%, болгар – 0,1%, кәріс – 0,1%;  10% тестілеуден бірінші рет өткен. Сонымен қатар «Тыңдалым» бөлігін тыңдауда, «Оқылым» бөлігін оқып түсінуде аздаған қиындықтар туындады.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарының мемлекеттік қызметшілері байқау сынақтарынан өтті. Шығыс Қазақстан облысының қазақ тілін оқытуды жүйелеу, мемлекеттік тілдің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру бағытындағы осындай жетістігі мол тәжірибені еліміздің басқа аймақтары да алуы керек, себебі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынақтарын өткізу қазақ тілін оқыту үдерісін бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлерге бөліп оқыту кезеңдерін жүйелеуге және қазақ тілін меңгеру деңгейін тәуелсіз бағалауға мүмкіндік береді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх