Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қостанайда қазақ тілін білуден тест өтті
Қостанайда қазақ тілін білуден тест өтті
2013 жылдың 25-29 қараша аралығында Қостанай облысының мемлекеттік және азаматтық қызметкерлері арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған кезекті тестілеу өткізілді.
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында 2012 жылы Қостанай қаласының мемлекеттік және азаматтық қызметкерлері арасында тестілеудің бастапқы кезеңі өткізілген. Тестілеу Қостанай облысының Тілдерді дамыту басқармасы мен Облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығының бастамасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылы тестілеу Қостанай, Рудный қалалары мен Қостанай, Меңдіқара, Әулиекөл аудандарында қазақ тілін меңгерудің қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары немесе жоғары деңгейін анықтау үшін ұйымдастырылды.
Тестілеуге әкім аппараты, құқық қорғау ұйымдары, білім саласының және т.б. қызметкерлері қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны   1 058 қызметкерді құрады. Оның ішінде 547 адам Қостанай қаласының, 511 адам – аудан қызметкерлері.
Тестіленушілерге 150 минут уақыт ішінде тыңдалған аудиомәтінді түсінуі, қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы бойынша және оқыған мәтінді түсіне білуі қабілетін анықтауға бағытталған 150 тест тапсырмасы ұсынылды.  2014 жылы тестілеудің келесі кезеңі көрсетілген деңгейлерді растау бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру жоспарлануда.
Аталған мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеудің нәтижелілігі мемлекеттік тілді меңгерудің тәуелсіз бағалауы болып табылады және ол қазақ тілін оқыту курстарын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу курс тыңдаушыларын бастапқы, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлер бойынша ең алдымен дұрыс іріктеуге және қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша тәуелсіз бағалауға септігін тигізеді. Деңгей бойынша оқу аяқталғаннан кейін екінші кезеңі анықталған деңгейді растау арқылы ҚАЗТЕСТ сертификатын иемдену болып табылады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх