Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Мемлекеттік қызметшілер қазақ тілін білу бойынша тест тапсырды
Мемлекеттік қызметшілер қазақ тілін білу бойынша тест тапсырды

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында 2014 жылдың 11-21 қаңтар аралығында Қарағанды облысының (Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Балқаш, Приозерск қалалары) мемлекеттік қызметшілері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тест тапсырды. Тестілеу ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараны Қарағанды облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен басқарма қызметкерлері және жергілікті мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жауапты қызметкерлері жүзеге асырды. Тестілеуге қала әкімінің аппарат қызметкерлері, құқық қорғау органдары, облыстық департамент қызметкерлері және т.б. мемлекеттік қызметшілер қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны 1110 қызметшіні құрады. Оның ішінде Қарағанды қаласы бойынша – 453, Жезқазған қаласы – 208, Сәтбаев қаласы – 105, Қаражал қаласы – 85, Балқаш қаласы – 195, Приозерск қаласы – 63 мемлекеттік қызметші тестілеуден өтті. Сауалнама қорытындысы бойынша жалпы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсыруға қатысушылардың 28,6%-ы үшін қиын, 61% үшін орташа, 9,8% үшін жеңіл, 0,6% үшін өте жеңіл болған. Қатысушыларға қиындық туғызуының себебі: тестіленушілердің 15,04% үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды, оның ішінде өзге ұлт өкілдерінен орыс, татар, украин, кәріс, белорус, дағыстандық, болгар, удмурд, қытай, неміс, молдаван, башқұрт, лезгин, мордвиндер қатысты. Ал тестіленушілердің 98% үлесі тестілеуден бірінші рет өткен. Сонымен қатар «Тыңдалым» бөлігін тыңдауда, «Оқылым» бөлігін оқып түсінуде аздаған қиындықтар туындады, өйткені ересек тұрғындардың көпшілігі қазақ тілі сабақтарын мектепте, жоғары оқу орындарында құрылымдық грамматика бағытында үйренген. Сондықтан тілдің функционалдық қызметін үйренуде, яғни тыңдап түсіну, оқып түсіну, жаза білу, сөйлей білу сияқты сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгеруде қиындықтары бар. Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай диагностикалық тестілеудің нәтижелілігі мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін әділ түрде тәуелсіз бағалауда, қазақ тілін оқыту курстарында оқытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Тестілеу нәтижесі мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергендігін анықтау арқылы қазақ тілін оқыту мен үйрену бағыттарына тиімді жолдарды анықтауға қолайлы, қазақ тілін оқыту мазмұны анықталады және тиімді әдістемелерді қолданудың бағытын көрсетеді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх