Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Астана қаласы мемлекеттік тілді оқыту орталықтары мен мемлекеттік мекемелердегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы өтті
Астана қаласы мемлекеттік тілді оқыту орталықтары мен мемлекеттік мекемелердегі қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курсы өтті
2014 жылдың 3 наурыз күні Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Ұлттық тестілеу орталығы мен «Руханият» мемлекеттік тілді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласы бойынша мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының және жекелеген мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарып жүрген қазақ тілінің оқытушылары үшін бір күндік біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.
Курстың негізгі мақсаты – ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді оқыту барысындағы тілдік білім сапасын бағалау арқылы олардың тілдік білімдерін тиімдірек қалыптастыру жолдары, әдістемелерді жетілдіру мен оқыту барысындағы инновациялық тәсілдерді пайдалану тәжірибелері. Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттеріне қол жеткізу барысындағы негізгі нысаналы индикатор ретінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін жыл сайын арттыру жолға қойылып, бұл үлесті ҚАЗТЕСТ жүйесін пайдалану арқылы анықтауды негізге алу жүктелген. Сондықтан барлық мемлекеттік тілді оқытудың орталықтары мен курстары оқытушыларының өзі мақсатқа лайықтап оқыту үдерісін, әдістемелерін жолға қоюлары қажет. Бұл ретте, оқыту нәтижесі – ол қазақ тілінде өз қажеттілігіне байланысты сөйлей де жаза да білетін тіл үйренуші. Ал оның деңгейін тек тәуелсіз бағалау арқылы анықтауға болады, яғни ҚАЗТЕСТ жүйесі бірнеше жылдан бергі тәжірибелері мен тіл меңгеру деңгейін бағалау емтиханына дайындалуға арнап, нәтижеге бағытталған тіл меңгеру қағидаты негізінде қалыптастырылған оқу-әдістемелік кешені негізінде аталған іс-шараны өз деңгейінде атқаруға дайын.
Ұлттық тестілеу орталығында өткізілген біліктілікті арттыру курсына 40-тан аса оқытушылар қатысты. Курс мазмұнын ҚАЗТЕСТ сарапшылары кезең-кезеңімен аша білді. Курс барысында тыңдаушылар тарапынан бірнеше сауалдар қойылып, курс баяндамашылары тарапынан толық жауаптар берілді. ҚАЗТЕСТ басшысы Айдос Әбдіхалықов тіл меңгеру әдістемелеріндегі бағалаудың орны мен оның тиімділігі туралы айта келіп, ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымымен толық таныстырды. ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны, оның ерекшеліктері туралы толық ақпарат берді. Әр бөлік кураторлары – Тыңдалым бөлігі – Адасай Бердіқұлова, Оқылым – Толқын Макенова, Жазылым – Нұргүл Тоғызбай және Лексика-грамматика бөлігі – Жазира Мекембаева өз бөліктеріне арналған тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге негізделген қағидатпен саралап түсіндірді. Әр бөлік бойынша баяндамалар бір сағатқа созылды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх