Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Атыраулық мемлекеттік қызметшілер қазақ тілін білу бойынша сертификаттық тестілеуге қатысты
Атыраулық мемлекеттік қызметшілер қазақ тілін білу бойынша сертификаттық тестілеуге қатысты
2014 жылдың 1-10 сәуір аралығында Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері үшін сертификаттық тестілеу емтиханы өткізілді.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың                          2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді меңгерудің басым бағытын іске асыру үшін мемлекеттік тілді меңгерген елдегі ересек тұрғындардың үлесін 2014 жылға қарай 20%-ға, 2017 жылға қарай 80%-ға және 2020 жылға қарай 95%-ға арттыру міндеті қойылған. Аталған үлесті Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсырудың нәтижелері арқылы анықтау белгіленген. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне қарасты Тіл комитеті жыл сайын елдегі тіл саясатының іске асырылу деңгейін кері байланыс арқылы реттеп отыру мақсатында қоғамда әлеуметтік зерттеулер өткізіп отырады. Соңғы үш жылдық зерттеулер нәтижелерінің мазмұнында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы, қоғам мүшелерінің меңгеру дәрежесіне байланысты әртүрлі сауалнамалар жүргізіліп келген. 2012 жылғы әлеyметтік зерттеу ақпаратына сүйенсек, республикамыздың өңірлері бойынша тұрғындардың мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігі туралы зерттеулер нәтижесінде Атырау облысының 93,4%-ы мемлекеттік тілді өте жақсы меңгерген. Аталған өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс мәселесі өткір тұрған жоқ. Соның өзінде аталған өңір ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу өтуді елімізде алғашқы болып бастады.
Сертификаттық тестілеу келесі аудандарда ұйымдастырылып, өткізілді:
– Қызылқоға ауданы – 88 адам;
– Мақат ауданы – 53 адам;
– Жылыой ауданы – 88 адам;
– Индер ауданы –  81 адам;
– Маханбет ауданы – 96 адам;
– Құрманғазы ауданы – 175 адам;
– Исатай ауданы – 72 адам;
және Атырау қаласы бойынша – 351 адам.
Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері үшін келесі деңгейлер бойынша сертификаттық тестілеу ұйымдастырылды:
–  базалық – 167 адам,
–    орта  – 330 адам,
–    ортадан жоғары – 185 адам,
–    жоғары – 2 адам
және деңгейді анықтау бойынша – 320 адам.
Сондай-ақ, Атырау облысының Құлсары, Қиғаш ауданы мен Атырау қаласының «KazTransOil» АҚ қызметкерлері үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын диагностикалық тестілеу өткізілді. Тестілеуге 472 қызметкер қатысты. Бұл іс-шара қазақ тілін оқыту курс тиімділігін арттыру мақсатында өткізілді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх