Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Қазақ тілін ересек тұрғындарға екінші тіл ретінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері және тілдік білімді бағалаудағы ҚАЗТЕСТтің рөлі» тақырыбында семинар өтті
«Қазақ тілін ересек тұрғындарға екінші тіл ретінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері және тілдік білімді бағалаудағы ҚАЗТЕСТтің рөлі» тақырыбында семинар өтті

21-23 сәуір аралығында Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді оқыту орталығының қызметкерлері мен ҚАЗТЕСТ жүйесі тест тапсырмаларының сарапшылары мен әзірлемешілері, аймақтық оқыту орталықтары оқытушылары мен әдіскерлері үшін үш күндік семинар өткізілді.

Семинарда әр өңірлердегі ересек тұрғындарға қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытып жүрген, 2013 жылы өткен республикалық «Үздік оқытушы» байқауы бойынша жүлделі орын иегерлері ҚАЗТЕСТ тапсырмаларына негізделген өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бұл семинардың ерекшелігі – аудиторияда қазақ тілін екінші тіл ретінде тіл үйренушімен тікелей, бетпе-бет, күнделікті сабақ өтіп, әдістемелерді тәжірибелеп, тиімді тұстарын пайдаланып, нәтижесін практикалық түрде көріп жүрген оқытушылардың сабағы болды. Семинар барысында ҚАЗТЕСТ жүйесінің деңгейлері бойынша (А1 – Қарапайым деңгейде, А2 – Базалық деңгейде, В1 – Орта деңгейде) қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен жаттығулары және тіл оқытудағы жаңа көзқарастар туралы баяндалды. Сонымен қатар әр деңгейдің «жеңілден қиынға» қағидаты бойынша бір тақырып төңірегінде өзгеріп отыру ерекшеліктері ескерілген сабақ құрылымы берілді. Баяндамашылар ҚАЗТЕСТ жүйесінің қазақ тілін меңгертудегі оқулықтары негізінде өткізілетін сабақта тыңдаушылардың назарына қазақ тілін меңгерудегі тыңдап түсіну, оқып түсіну, жаза білу мен сөйлей білу қабілеттеріне ықпал етерлік әдістер мен жаттығулардың түр-түріне тоқталып, олардың тиімділік дәрежесін сипаттады, нақты тәжірибедегі қолданысын негіздеп көрсетті. Ол өз кезегінде сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым) бағалау бөліктеріндегі әр деңгей бойынша қойылатын дағдыларына сай негізделіп, әр бөлік жетекшілерінің ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны, оның ерекшеліктері туралы баяндамаларымен сабақтасты.

Семинардың соңында әрбір қатысушыға іс-шара мазмұны, ерекшеліктері мен өзектілігі, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың сапасын арттыру жолдары туралы ойлары мен ұсыныстары қамтылған сауалнама таратылды.

Қатысушылар семинардың өзектілігі туралы мемлекеттік тілдің негізгі мәселесін қозғағанын, білім беру әдіснамасын стандарттау мен жүйелеуге өте қажет екенін айтса, семинарда қамтылған ақпарат қажетті, пайдалы болды ма деген сауалға қазақ тілін оқытуға арналған бес деңгейлік оқулықтармен жұмыс істеу, мемлекеттік тілді қызықты етіп оқыту жолдарын үйренгенін, жаңа әдіс-тәсілдерді іс жүзінде қалай тиімді қолдану керектігін, әрбір деңгей бойынша тапсырма түрлерін дайындауды және оларды деңгейге сай етіп түрлендіруді терең түсінгенін мәлімдеген. Сонымен қатар семинар авторларымен тәжірибе алмасу, озық әдіс-тәсілдермен бөлісу, қазақ тілін оқыту, меңгеру сапасын көтеру бойынша теориядан әрекетке көшу тәсілдерін тиімді деп тауып, алдағы уақытта да бір отбасындай ынтымақтастығымызды үзбей, республикамыздағы барлық оқыту орталықтары үнемі байланыста болса деген ниет танытты.

Сондай-ақ семинар шығармашылық қабілетті дамытуға түрткі болуымен, тыңдаушыларды белсене қатыстырумен ерекшеленді, әдіскерлер мен оқытушыларды тіл үйренушілердің орнына қойып, «мен тіл үйренуші болсам, тілді қалай меңгерер едім» деген ой туғызды дейді. Әдістеменің теориясы мен практикасы шебер үйлескен мұндай «тірі» семинарлар жиі өткізілсе деп тілек білдірді.

Кәсіби қазақ тілін оқыту бойынша да семинарлар ұйымдастырылып, университет мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетілсе, семинар материалдары бойынша оқу-әдістемелік құрал әзірленсе, көпшілік қатысқан ортада үздік сабақтар жиі көрсетілсе, ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы бағалауды барлық қызмет саласына қолдануды міндетті деп белгілесе деген ұсыныстар түсті. Қатысушылардың бәрі бірауыздан семинардың керемет ұйымдастырылғанын әрі жоғары деңгейде өткенін айтты.

Кері байланыс арқылы тыңдаушылар семинардың өз мақсатына жеткендігін, мазмұнының маңыздылығын, өз тәжірибелерінде де қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеру деңгейін бағалаудың үдерістерінде қолданатындығын атап өтті.

Семинардағы қызықты сәттер туралы фотосуреттер www.kazakhtest.kz сайтындағы Фотогалерея бөлігінде орналастырылған.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх