Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Батыс Қазақстан облысы қызметкерлері диагностикалық тестілеуден өтті
Батыс Қазақстан облысы қызметкерлері диагностикалық тестілеуден өтті

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттеріне қол жеткізу барысындағы негізгі нысаналы индикатор ретінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін жыл сайын арттыру жолға қойылған. Бүгінде қызмет атқарып жүрген ересек қауымға қазақ тілін жеделдете үйрету – еліміздің тілдік егемендігінің бірден-бір талабы. Бағдарламада мемлекеттік тілді білу деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесін пайдалану арқылы анықтау көзделген.

Қойылған талаптарды жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдың 13-16 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мен Жаңақала ауданының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік және өзге де сала қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша диагностикалық тестілеу емтиханы өткізілді. Ол ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымымен таныстыру әрі сертификаттық тестілеуге дайындық ретінде өтті.

Сондай-ақ 15 мамырда Орал қаласының Кедендік бақылау департаменті мен «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері деңгейді анықтауға арналған ҚАЗТЕСТ сынағын тапсырды.

Тестілеуге жалпы 1500 адам қатысты. Тестіленушілерге ҚАЗТЕСТ жүйесінің «Тыңдалым», «Лексика-грамматикалық құрылым», «Оқылым» бөліктері бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.

ҚАЗТЕСТтің қазақ тілін меңгеру дәрежесін бес деңгей бойынша бағалайтыны белгілі, алайда бұл тестілеу деңгейді анықтауға бағытталғандықтан, 150 тест тапсырмасының құрамында бес деңгейдің де (қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары) тапсырмасы қамтылды. Тест құрамындағы тапсырмалар «жеңілден күрделіге қарай» ұстанымына негізделіп құрастырылған.

Тест тапсырушылардың 88 %-ын қазақ, 9 %-ын орыс, 3%-ын өзге ұлт өкілдері (украин, татар, белорусь, неміс, ұйғыр, кәріс, өзбек) құрады.

Аталған іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері мен Орал қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығының филиалы қызметкерлері атсалысты. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх