Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қарағанды облысында ҚАЗТЕСТ өткізілді
Қарағанды облысында ҚАЗТЕСТ өткізілді

2019 жылғы 15-18 сәуір аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша Қарағанды облысында диагностикалық және сертификаттық тестілеулер өткізілді. Диагностикалық тестілеуге 1 718 адам қатысты. Жоспарға сәйкес облыс бойынша 202 адам сертификаттық тестілеуге қатысуға ниет білдіріп, оның нақты 196-сы сертификаттық тестілеуге қатысты.

Тестілеуге облыстың Қарағанды, Саран, Шахтинск, Теміртау қалалары мен Абай ауданының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері қатысты. Тестілеуге облыстық департаменттер мен басқармалар, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелер, бюджеттік сала қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік комитеті, әскери сала қызметшілері мен «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мұғалімдері қатысты.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх