Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматыда ҚАЗТЕСТ өткізілді
Алматыда ҚАЗТЕСТ өткізілді

2019 жылғы 22-25 сәуір аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша Алматы қаласында диагностикалық және сертификаттық тестілеулер өткізілді. Диагностикалық тестілеуге 520 адам қатысты. Жоспарға сәйкес қала бойынша 131 адам сертификаттық тестілеуге қатысуға ниет білдіріп, оның нақты 125-сі сертификаттық тестілеуге қатысты.

Тестілеуге Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ, ҰҚК шекара қызметі «2010 әскери бөлімі» ММ-сі мемлекеттік қызметшілері, бюджеттік сала қызметкерлері, әскери сала қызметшілері, «KEGOC» АҚ Алматы жүйеаралық электр тораптары қызметкерлері мен ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектебі» мұғалімдері қатысты.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх