2019 жылғы 17-18 маусым аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша Алматы облысы Талдықорған қаласында сертификаттық тестілеу өткізілді. Жоспарға сәйкес қала бойынша 82 адам сертификаттық тестілеуге қатысуға ниет білдіріп, оның 71-і тестке қатысты.
Тестілеуге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, ҚР Ұлттық банкі және физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен қызметкерлері қатысты.
Оның ішінде:
–А1 (қарапайым деңгей) – 3 адам;
–А2 (базалық деңгей) – 24 адам;
–В1 (орта деңгей) – 20 адам;
–В2 (ортадан жоғары) – 20 адам;
–С1 (жоғары деңгей) – 4 адам.
Аталған іс-шара Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы ұжымымен бірлесе ұйымдастырылды.