Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
2019 жылдың І жартыжылдығына ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларының қоры жинақталды

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларының қорын қалыптастыру мақсатында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында 2019 жылғы 13-17 мамыр аралығында іссапарда болды.   

Тест тапсырмаларын ҚАЗТЕСТ жүйесінің нормативтік құжаттарына сәйкес (Ұлттық стандарттар, Тест спецификациясы, лексикалық минимумдар) жоғары оқу орындарының, атап айтқанда,  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының,  Сулейман Демирел университетінің, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің тілші-ғалымдары, әдіскер мамандары әзірледі.  

Ағымдағы жылғы 10-13 маусым аралығында ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының 1-сараптамасы, 24-27 маусым аралығында 2-сараптамасы өткізілді. Барлығы 22 тілші, тестолог мамандар сараптамаға тартылды.

2019 жылдың І жартыжылдығында сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша (Тыңдалым, Лексика-грамматикалық бөлік, Оқылым, Жазылым) жалпы саны 8000 тест тапсырмасы жинақталды. Ұлттық тестілеу орталығының арнайы студиясында кәсіби дикторлармен қазақ тілінің орфоэпикалық нормаларын, меңгеру деңгейін сақтай отырып, «Тыңдалым» және «Жазылым» бөлігі бойынша 750 аудиомәтін жазылды.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх