Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы облысы ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өтті
Алматы облысы ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өтті

2019 жылғы 19-23 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Алматы облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша кезекті тестілеуді ұйымдастырды. Тестілеу жұмысына Балқаш, Кербұлақ, Ескелді, Көксу, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласының мемлекеттік қызметшілері, бюджеттік сала мамандары мен әскери қызметшілері қатысты. Өңір бойынша қатысқан адам саны − 827. Оның ішінде 94-і сертификаттық тестілеуден өтті.

Тестілеуге облыстық департаменттер мен басқармалар, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелер, бюджеттік сала қызметкерлері, әскери сала қызметшілері мен «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мұғалімдері қатысты.  

Бұл іс-шара мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр. 



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх