Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшыларды іріктеу бойынша өткізілетін байқау туралы Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы  қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын әзірлеушілер мен сарапшыларды іріктеу бойынша байқау (конкурс) жариялайды.

Құжаттардың толық пакеті Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, Жеңіс даңғылы, 60, Ұлттық тестілеу орталығы, ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма, 112-кабинетте қатысушының кері мекенжайы көрсетілген өзі тапсырған немесе пошта арқылы жіберген конвертте немесе gulzamirak@mail.ru, info@kazakhtest.kz электронды поштасы бойынша электронды түрде қабылданады.

Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда байқау комиссиясының талқылауына қабылданбайды.

Іріктеу байқауына (конкурсқа) кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғалар қатыса алады.

Байқауға (конкурсқа) қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) «Оқыту қазақ тілінде жүрмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білімінің болуы;
2) еңбек кітапшасындағы жазбаларға сәйкес 5 (бес) жылдан кем емес еңбек (мүмкіндігінше педагогикалық) өтілінің болуы;  
3) педагог-шебер немесе педагог-зерттеуші (мектеп мұғалімдері үшін)  дәрежесінің берілгендігі /академиялық немесе ғылыми дәрежесі (магистр, PhD докторы, ғылым кандидаты, ғылым докторы) туралы куәліктің болуы; 
4) білім саласындағы нормативтік құжаттарды білуі (стандарттар, бірүлгі бағдарламалар, т.б)
5) білім саласындағы жетістіктері мен марапаттаулары (болғаны дұрыс);
6) компьютермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
7) педагогикалық өлшеулердің теориялық және қолданбалы негіздерін, тест тапсырмаларының мазмұнын іріктеу қағидаларын білуі;
8) білімді тестілік бақылау әдістемесін білу қажет;
9) педагогикалық өлшемдер бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттың болуы құпталады.
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларының сарапшыларына үміткерлер ретінде кемінде 2 жыл ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушісі болған мамандар бола алады. Түзетушілер сарапшылар құрамынан алынады.

Аудиоматериалдарды дыбыстаушы мамандарға қойылатын талаптар:
1) жоғары білімінің болуы (гуманитарлық немесе журналистика/актерлік шеберлік саласындағы білімі болғаны құпталады);
2) дауысының дұрыс қойылғандығы, сауатты сөйлей білу дағдысының болуы; 
3) актерлік шеберлік негіздерін, кәсіби оқи білудің негізгі құралдарын білу; 
4) қазақ тілінің орфоэпиялық және әдеби тіл нормаларына сай сөйлей білуі. 

Іріктеу байқауына қатысушылардан талап етілетін құжаттар тізбесі:
- түйіндеме;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- жоғары білім туралы, ғылыми атақты алғаны туралы дипломының көшірмесі;
- жұмыс істейтін мекеме басшысының ұсынымхаты (бар болған жағдайда);
- білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге қатысты құжаттардың көшірмесі (біліктілікті арттыру, ғылыми дәреже және атақ иелену, категориялар; ғылыми басылымдардың, сертификаттардың көшірмесі, кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мінездеме, ұсыным және өзге де мәлімдемелер).

Іріктеу байқауына қатысушылар құжаттардың толық пакетін байқауға (конкурсқа) хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жіберулері тиіс.
1. Байқау (конкурс) комиссиясы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде іріктеу байқауына (конкурсына) қатысушылардың құжаттарының талапқа сәйкес/сәйкес емес екендігі туралы шешім шығарады.
2. Шешім шығарылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
- үміткерлерге әңгімелесу өтетін күн туралы;
- әңгімелесуге өтпеген іріктеу байқауына (конкурсқа) қатысушыларға байқау (конкурс) комиссиясының шешімі туралы хабардар етеді.
Хабарлама телефон арқылы немесе іріктеу байқауына (конкурсқа) қатысушылардың электронды пошталарына жіберіледі.
Әңгімелесу барысында үміткерлердің:
- мемлекеттік тілді білу деңгейі;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Қазақ Республикасындағы Тілдер туралы» заңдарды, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын білуі;
- қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін білу деңгейі;
- педагогикалық өлшеулердің теориясы мен практикасын меңгеруі тексеріледі.
3. Үміткерлермен әңгімелесу әңгімелесуге кіруге рұқсат беру шешімі шығарылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өткізіледі.
4. Әңгімелесуден кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде өткізілетін байқау (конкурс) комиссиясының қорытынды отырысында құжаттар мен әңгімелесудің нәтижесі бойынша үміткерлердің арасынан тапсырмаларды әзірлеуші мен сарапшыларды іріктейді.
5. Байқау (конкурс) комиссиясының хатшысы іріктеу байқауының нәтижесін үміткерлерге 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлайды.
6. Байқау комиссиясының шешімі мен іріктелген үміткерлер тізімі байқау комиссиясының қорытынды отырысынан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ҚАЗТЕСТ-тің www.kazakhtest.kz ресми сайтында жарияланады.
Байқаудан іріктелген қатысушыларға тест тапсырмаларын әзірлеуге тапсырыс беріледі (әзірлемешілерге).

Әзірлеушілер мен сарапшылар:
- Ұлттық тестілеу орталығынан орындалған жұмыс туралы анықтама алуға;
- келісімшарт негізінде еңбекақы алуға құқылы.
Қосымша деректерді 8 (7172) 69-50-84 телефоны арқылы алуға болады.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх