Астана медицина университетінің қызметкерлері алғаш рет ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өтті
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы мен «Астана медицина университеті» КеАҚ арасында 2019 жылғы желтоқсан айында жасалған келісімшартқа сәйкес ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда алғаш рет Астана медицина университетінің қызметкерлері мен оқытушы-профессорлар құрамы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуден өтті. Шараның негізгі мақсаты – медициналық білім беру ұйымы қызметкерлерінің қазақ тілін білу деңгейін бағалау. Тестіленушілер А2 (базалық), В1 (орта), В2 (ортадан жоғары) және С1 (жоғары) деңгейлер бойынша тест тапсырды. Келісімшарт бойынша 100 адам тест тапсыруға міндеттеліп, оның 92-і тестке қатысты.