Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Атырау облысы, қаласы және барлық аудандарының мемлекеттік қызметшілері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Атырау облысы, қаласы және барлық аудандарының мемлекеттік қызметшілері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында 2013 жылдың 15-19 сәуір аралығында Атырау қаласының Қызыл қоға, Мақат, Жылыой, Исатай, Құрманғазы, Махамбет, Индер аудандары және Атырау қаласының әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеу емтиханын тапсырды.
Тестіленушілерге есту арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық құрылым), оқыған мәтіндерді түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 150 минутты құрады.
Атырау облысының Тілдерді дамыту басқармасы осы іс-шараның маңыздылығын түсініп, тестілеуді лайықты түрде өткізді.
Бұл кезеңде Атырау облысы, қаласы және барлық аудандарының әкімінің орынбасарлары, аппарат басшылары және әкім аппаратының әртүрлі дәрежедегі қызметкерлері, селолық округ әкімдері, қызметкерлері қатысты. Байқау тестіне қатысушылардың жалпы саны облыс бойынша 1068 адамды құрады. Оның ішінде Атырау облыстық және қалалық әкімдігінен 448 қызметкер қатысса, аудандар бойынша 620 адам байқау тестінен өтті. Олардың ішінде:
1) Қызыл қоға ауданы бойынша – 83 адам;
2) Мақат ауданынан – 57  мемлекеттік қызметші;
3) Жылыой ауданынан – 93 адам;
4) Исатай ауданынан – 62 қызметкер;
5) Құрманғазы ауданы – 157 адам;
6) Махамбет ауданы – 91 қызметкер;
7) Индер ауданы – 77 мемлекеттік қызметші.
Тестіленушілердің байқау сынағын тапсырудағы сауалнама нәтижесі бойынша берілген диалог пен мәтінді тыңдау барысында 17% қиын деп санаса, 52% орташа деп көрсеткен. Қазақ тілінің лексикасы және грамматикасы бойынша берілген сұрақтарды 38% жеңіл деп ұсынған. Ал мәтінді оқып түсінуде 16% қиын, 18% жеңіл деп белгілеген.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх