Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша  емтихан тапсырды
Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында 2013 жылдың 27 сәуір күні Ақтөбе облысының (Ақтөбе қаласы, Алға, Әйтеке би, Байғанин, Мұғалжар, Қарғалы, Мәртөк, Ойыл, Қобда, Хромтау, Темір, Шалқар, Ырғыз аудандары) мемлекеттік қызметшілері мен азаматтық қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеу өткізілді.
Осы іс-шараны өткізуге Ақтөбе облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы басшысының ұйымдастыруымен басқарма қызметкерлері және жергілікті мемлекеттік тілді оқыту орталығының жауапты қызметкерлері жоғары деңгейде жүзеге  асырды.
Тестілеу аудан әкімінің аппарат қызметкерлері, аймақ әкімдері, құқық қорғау органдары, департамент, басқарма басшылары, мемлекеттік және халыққа қызмет көрсету саласы қызметшілері, білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, банк қызметкерлері және т.б. қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны 880 қызметкерді құрады. Оның ішінде 422 – мемлекеттік қызметші, 37 – мемлекеттік емес ұйым қызметкері, 418 – бюджеттік сала қызметкері, 3 – азаматтық қызметкер.
Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 95%-і үшін тест қиындық туғызбады. Ал 5% қиындық туғызуының себебі: тестіленушінің 5% үшін қазақ тілі ана тілі болып саналмайды, оның ішінде – орыс – 3,4%, украин – 1,1%, татар – 0,5%, неміс – 0,1%, кәріс – 0,1%;  95% тестілеуден бірінші рет өткен. Сонымен қатар «Тыңдалым» бөлігін тыңдауда, «Оқылым» бөлігін оқып түсінуде аздаған қиындықтар туындады.
Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің нәтижелілігі қазақ тілін меңгеру деңгейін әділ түрде тәуелсіз бағалауда, қазақ тілін оқыту курстарында оқытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу қазақ тілін оқыту курсының тыңдаушыларын бастауыш, жалғастырушы, тереңдетілген деңгейлерге дұрыс бөлуге септігін тигізіп, қазақ тілін білу деңгейін тәуелсіз бағалайды. Белгілі деңгейде оқыту аяқталғаннан кейінгі екінші кезең – мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау. Ол тілді белгелі бір деңгейде меңгергендігін дәлелдейтін ҚАЗТЕСТ сертификатын иемдену.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх