Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Шығыс Қазақстан облысындағы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынақтары
Шығыс Қазақстан облысындағы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынақтары
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының арасында қазақ тілін меңгеруді анықтауға бағытталған тестілеу емтихандары өткізілді. Шығыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен өткізілген байқау сынақтарына Өскемен қаласында 14-16 мамыр аралығында қазақ тілін меңгеру денгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала қызметкерлері және ішкі істер департаментінің қызметкерлері қатысты.
Байқау сынақтарына барлық саны 402 адам қатысты. Соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынағы осыменен төртінші рет өткізіліп отыр. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін атқарылып отыр.
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау халықаралық тіл білімін бағалау жүйелеріне сәйкес сөйлеу әрекетінің түрлері тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым бойынша жүргізілді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх