Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясыәзірлеуімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ұсынып, қазақ тілін меңгерудің деңгейлері бойынша коммуникативтік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 647-ОД бұйрығымен бекітілді және іске қосылды.

ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру»;

ҚР СТ 1928-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру»;

ҚР СТ 1929-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру».

ҚР СТ 1925-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»;

ҚР СТ 1927-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»;

Бұл стандарттарды Қазақстан Республикасы Конституциясының (7 бап), Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы №603-II «Техникалық реттеу туралы» Заңының; Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 835 қаулысымен бекітілген ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасының нормалары іске асырылған.


Standart.jpg


Аталған мемлекеттік стандарттарды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе жартылай басып шығаруға, көбейтуге және таратуға болмайды.

Мемлекеттік стандарттар мазмұнында стандарттарды қолдану саласы, ондағы нормативтік сілтемелер, терминдер мен анықтамалар берілген соң қазақ тілін меңгерудің әртүрлі деңгейлеріндегі жалпы ережелер және деңгей талаптарының мазмұны сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша берілген. Коммуникативті сөйлеу құзыреттілігінің мазмұны сөйлеу біліктілігіне қойылатын талаптар арқылы беріледі. Әрбір деңгейге сәйкес тілдік құзыреттілік мазмұны қазақ тілінің тілдік элементтері арқылы ұсынылады. Қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес тіл меңгеру деңгейін бағалаудың тест тапсырмаларына жобалар берілген.

Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу барысындағы қосымша құжаттар тізімі мен библиография ұсынылады және ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуді табысты аяқтаған жағдайда берілетін сертификат пен анықтама түрі көрсетілген.

Қазақ тілінің қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы – тілді оқытуды, үйретуді тиімді жүзеге асыру, оқыту сапасына қатаң талап қою, тіл қолданушының өздігінен білім алуын ұйымдастыру, оның нәтижелеріне тұрақты бақылау жасау. Тілді меңгеру деңгейлеп оқыту негізінде сатылы түрде жүретіндіктен, әр деңгей түпкі мақсатына қарай тіл қолданушының коммуникативтік құзыреттілік деңгейін анықтауды қажет етеді.

Коммуникативтік құзыреттіліктің даму деңгейін бағалау, анықтау тілдік тұлғаның қалыптасу, даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Оқытудың нәтижесін бағалау әрбір деңгейдің соңында жүргізіліп отырады. Қазақ тілін коммуникативтік деңгейде білу құзыреттілігі – тілдік тұлға моделін құрайтын негізгі компонент болып табылады.

Қазақстандық тіл білімін бағалау қазақ тілін меңгеруді 6 деңгей бойынша анықтайды. Қазақ тілін меңгеру деңгейлері еуропалық тіл меңгерулердің деңгейлерімен келесі түрде сәйкестендіріледі:

Деңгейлер

Лингвистикалық тұрғыдан

Лингводидактикалық тұрғыдан

Еуропалық стандарт деңгейлерімен сәйкестігі

I. Қарапайым деңгей

Вербалдық-семантикалық деңгей

«Бағдар» + «Тілашар»

А-1; А-2

II. Базалық деңгей

III. Орта деңгей

Когнитивтік тезаурустық деңгей

«Тіл дамыту»+

«Тіл ұстарту»

В-1; В-2

IV. Ортадан жоғары деңгей

V. Жоғары деңгей

Мотивациялық-прагматикалық деңгей

«Тіл мәдениеті» + «Тілдік тұлға»

С-1; С-2

VI. Жетік деңгей

Қазақ тілінен білім беруде тілдің барлық саладағы, барлық жағдайдағы ауызша және жазбаша қолданыстағы құрылымдары тілді меңгеруді бағалаудың негізіне алынады. Бағалау деңгейлері тілді ауызша және жазбаша үйренудегі жүйені, дыбыстау жүйесін, тілде түрлі коммуникациялық мақсаттағы қызметтерді атқаратын жалғаулардың қолданысын, сөздердің жасалуын, кез келген сұрақ типтерін, сөйлем типтерін түсіне алуын, сөздердің тура және ауыспалы мағыналардағы қолданысын меңгеруін, өз мақсаты мен ойын жеткізуде тілдік құрылымдарды қолдана білуін, жаза және айта алу деңгейін бағалауды көздейді. Бағалау барысында барлық лексика-грамматикалық құрылымдар және сол құрылымдарды қамтыған тілдегі материалдар қабаты, оларды бағаланушының тыңдап түсінуі, меңгеруі, оқып түсінуі, дұрыс жазу деңгейін игеруі, сөйлей білуі, айта білуі бағалау аппаратына негіз болады. Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін қазақ тілін меңгеру әрекетінің түрлері: тыңдалым, лексика-грамматика, оқылым, жазылым, айтылым пайдаланылады.

Қазақ тілінен білім беру мен бағалау қазақ тілін қолданушының қазақ тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде және жазба тілде, ресми және ресми емес қатынастарда, психологиялық күйдің барлық жағдайларында, күрделі ойлар желісін білдіру мақсатында қолданылатын қарым-қатынас деңгейлерінде, жазба қарым-қатынас барысында қолдана алу деңгейін анықтауға бағытталады.

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх