/ Әдістемелік құралдар
Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Типовая программа

Типтік бағдарлама Типтік бағдарлама – білім мазмұны мен көлемін, оқытылатын пәнді меңгеруге икемділік пен дағдыны (аталған жағдайда мемлекеттік тілді оқыту), тақырыптарға, бөлімдерге және оқыту кезеңдеріне бөлуге арналған, оқыту жүйесінде пайда болған құжат. Қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама тілді оқыту үдерісін жүйелеуге тікелей бағытталған және қазақ тілін меңгерудің бес деңгейі бойынша тілдік құрылымының қарапайымнан күрделіге қарай жіктеліп берілуімен ерекшеленеді. Мысалдар негізінде жүйеленген әрбір тілдік құрылымның бірліктеріне сәйкес жағдаяттар келтірілді. Типтік бағдарламаны филология ғалымдары мен еліміздің өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары бірігіп әзірледі. Типтік бағдарламаның тәуелсіз сараптамасын білім берудің өзге саласындағы типтік бағдарлама, оқу жұмыс бағдарламасы авторлары жүргізді. Типтік бағдарламаны қолданысқа енгізу бойынша ғалымдар мен тіл саясаты төңірегіндегі қайраткерлердің басын қосып дөңгелек үстел басында талқыланды, нәтижесінде тағы да сараптамалар жасап пысықтап, қолданысқа енгізу ұсынылды. Кез келген сала бойынша қазақ тілін оқытудың оқу жұмыс бағдарламалары тек осы типтік бағдарлама негізінде әзірленетін болады. Типтік бағдарлама қазақ тілін оқытудың коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын Мемлекеттік стандарттарға негізделген нормативтік құжат болып табылады.






Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх