Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
gramatilkalyk200.jpg
Қазақ тілінің лексикасын нақты анықтаған соң, қазақ тілінің грамматикасын меңгермей, тілді толық білу мүмкін емес. Сондықтан оқу-әдістемелік кешеннің келесі құрамдас негізгі бөлігі бұл – грамматикалық анықтағыш. «Грамматика» сөзі грек тілінен аударғанда «grammatik» мағынасы «оқу мен жазудың икемділігі» дегенді білдіреді. Грамматика дегеніміз – сөйлеу бөліктерін дұрыс құрастырудың заңдылықтарын, тілдің грамматикалық құрылымын зерттейтін тіл білімінің тарауы. Грамматикалық дағдылардың қалыптасу барысында коммуникативтік құзыреттілік негіздері қаланады.
Тіл білімі ғылымында тілдік тұлғаны қалыптастыру үшін қазақ тілін меңгеру әрекетінің тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, лексика-грамматика түрлері пайдаланылады. Грамматикалық анықтағыш тіл қолданушыларға әрбір деңгейдің жағдаяттарына сәйкес сөйлей білуге, жаза білуді үйретуге арналған тілдің грамматикалық құрылымын қамтитын минимальды қоры болып табылады.
Грамматикалық анықтағыш әр деңгей бойынша тілдік жағдаяттарға қатысты тіл қолданушылардың сөздер мен сөз үлгілерін сұрыптап, сөз тіркестерін дұрыс байланыстыра білу, лексикалық, грамматикалық минимумдарды дұрыс қолдана отырып, байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға арналады.
Тіл қолданушылардың тілді пайдалану кезінде, өз қорытынды-пайымдауларын, сөз тапқырлығын, ойын анық, толық жеткізу, сұхбаттасу, ойын жазбаша білдіру барысында тілді қолдану ерекшелігі грамматика арқылы жүзеге асатындығы белгілі. Сондықтан тіл меңгеруде лексикалық және грамматикалық минимумдардың маңызы зор. Лексикалық минимумдар негізінде грамматикалық минимумдар әзірленеді. Минимумдарды әзірлеуде жүйенің деңгейлер бойынша айырмашылығы мен ерекшеліктері сақталынады.

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх