Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу


2011 жылдың 19-23 қыркүйек аралығында Үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілі шет тілі және екінші тіл ретінде» оқытуға арналған стандарт-технология, типтік оқу-әдістемелік кешен және жауаптарымен берілген тапсырмалар әзірлеу жобасы бойынша жауаптарымен берілген тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы өткізілді. Сараптама сөйлеу әрекетінің түрлері: «Тыңдалым», «Лексика-грамматика», «Оқылым», «Жазылым» бойынша тест тапсырмаларының қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерін анықтайтын ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1927-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009 мемлекеттік стандарттарға сәйкестігі, Тест тапсырмаларын әзірлеудің техникалық спецификациясына, тапсырмалардың қазақ тілін меңгерудің деңгейлік тақырыптарына, әдеби нормаға сәйкестігі, тест тапсырмаларының әралуандылығы, сөздік қордың әр деңгейге жеткіліктілігі ескерілді. Сараптама мүшелері - уақытша ғылыми зерттеу ұжымы, отандық белді университеттердің профессор-оқытушылар құрамы. Сарапшылар тарапынан сараптамалық қорытынды толтырылды, тест тапсырмаларының сапасын арттыру туралы ұсыныстарын білдірді.

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх