Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы қалалық және аудандық әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Алматы қалалық және аудандық әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырды
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру барысында 2014 жылдың 3-8 ақпан аралығында Алматы қаласының Жетісу, Алатау, Түрксіб, Медеу, Алмалы, Әуезов, Бостандық аудан әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеу емтиханын тапсырды.
Осы іс-шараның маңыздылығын түсініп, тестілеуді жоғары деңгейде өткізуді Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының жауапты қызметкерлері ұйымдастырды.
Бұл кезеңде тестілеуге қала мен аудан әкімінің аппарат қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары және қызметкерлері қатысты. Тестіленушілердің жалпы саны 762 қызметкерді құрады. Жетісу ауданы бойынша – 31 адам, Алатау ауданынан – 31, Түрксіб – 27, Медеу – 23, Алмалы – 26, Әуезов – 28, Бостандық – 31 адам, Сәулет және құрылыс басқармасы – 12 адам, Туризм басқармасы – 8 адам, Денсаулық сақтау басқармасы – 29 адам, Қаржы басқармасы – 22 адам, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы – 20 адам, Жер қатынастары басқармасы – 19 қызметкері және қалалық әкімдіктің 455 қызметкері тестілеуден өтті.
Тестіленушілерге тыңдау арқылы қабылдаған мәтіндерді түсінуге («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымы (Лексика-грамматикалық құрылым), оқыған мәтіндерді түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты 2 сағат 30 минутты құрады.
Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылардың 49%-ы үшін тест жеңіл болса, 51%-ына тестілеудің қиындығы орташа деңгейде екендігін көрсеткен. Сонымен қатар, қызмет көрсетуді бағалау қорытындысы бойынша көрсетілген қызметті мемлекеттік қызметшілердің 92,1%-ы «жақсы» деп бағаласа, 7,9%-ы көрсетілген қызметке «қанағаттанарлық» деп баға берген.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх