Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Павлодарлықтар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау тестін тапсырды
Павлодарлықтар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау тестін тапсырды
2014 жылдың 17-19 ақпан аралығында Павлодар қаласында мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала мен акционерлік қоғамдардың қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында – диагностикалық тестілеуден өтті. Тестілеуге жергілікті, аумақтық мемлекеттік орган, жоғары оқу орындарының және «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының қызметкерлері қатысты. Барлығы ҚАЗТЕСТ тестілеуінен 683 адам өтті. Оның ішінде 14,1% өзге ұлт өкілдері (орыс, украин, белорус, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, поляк) құрады.
Тестіленушілерге есту арқылы түсіну («Тыңдалым» бөлігі), қазақ тілінің лексика-грамматикалық құрылымын қолдана алу (Лексика-грамматикалық құрылым), оқыған мәтіндерді түсіну («Оқылым» бөлігі) бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, жалпы тест тапсыру уақыты –    150 (2 сағат 30 минут) минутты құрады. Тестілеу нәтижесі бойынша қызметкерлер деңгейлік топтарға бөлініп, оқыту орталықтарында ҚАЗТЕСТ әдістемесі негізінде қазақ тілін тереңірек меңгеруге кіріседі.
Аталған іс-шара  Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында  Павлодар облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы және «Ана тілі» мемлекеттік тілді оқыту орталығымен ұйымдастырылды. Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілінің мәртебесін арттырып, қолданыс аясын кеңейту мен бәсекелестікке қабілеттігін арттырудағы өз серіктестері бірлесіп атқарып отырған Павлодар облыстық Тілдердерді дамыту басқармасы мен «Ана тілі» орталығына ризалығын білдіреді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх