Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Солтүстік Қазақстанда қазақ тілі тестілеуі өтті
Солтүстік Қазақстанда қазақ тілі тестілеуі өтті


Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттеріне қол жеткізу барысындағы негізгі нысаналы индикатор ретінде мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін жыл сайын арттыру жолға қойылған. Бүгінде қызмет атқарып жүрген ересек қауымға қазақ тілін жеделдете үйрету – еліміздің тілдік егемендігінің бірден-бір талабы. Бағдарламада мемлекеттік тілді білу деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесін пайдалану арқылы анықтау көзделген.

Қойылған талаптарды жүзеге асыру мақсатында 2014 жылдың 26-31 мамыр аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мен Есіл, Ақжар аудандарының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік және өзге де сала қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу емтиханы өткізілді.

Сондай-ақ 27 мамырда Петропавл қаласының Кедендік бақылау департаменті мен «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері деңгейді анықтауға арналған ҚАЗТЕСТ сынағын тапсырды.

Тестілеуге жалпы 1590 адам қатысты. Оның ішінде 1485 адам диагностикалық тестілеуден, 105 адам В1 (орта деңгейі) бойынша сертификаттық тестілеуден өтті. Диагностикалық тестілеуден өтушілерге ҚАЗТЕСТ жүйесінің «Тыңдалым», «Лексика-грамматикалық құрылым», «Оқылым» бөліктері бойынша 150 тест тапсырмасы ұсынылды, ал сертификаттық тестілеуге қатысушылар үш бөлікпен бірге төртінші бөлік жазылым бөлігінен тапсырма орындады. 

Тест тапсырушылардың 52 %-ын қазақ, 35 %-ын орыс, 13%-ын өзге ұлт өкілдері (украин, татар, белорусь, неміс, поляк, ұйғыр, кәріс, өзбек, күрді, қырғыз) құрады.

Аталған іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік тілді оқыту орталығы» қызметкерлері мен Петропавл қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығының филиалы қызметкерлері атсалысты.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх