Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
15.11.2018

«Тілдік білімді бағалау:теориясы мен әдістемесі» тақырыбында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы

1.png
2018 жылғы 15-16 қараша күндері Астанада «Тілеп-Қобыз» сарайында «Тілдік білімді бағалау: теориясы мен әдістемесі» тақырыбында ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курсқа Түркия Республикасы Гази университеті қарамағындағы TÖMER орталығының (Түрік тілін оқу, зерттеу және тәжірибе орталығы) директоры Незир Темур, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеуші мамандары мен сарапшылары, еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының, атап айтсақ, Назарбаев Университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С. Демирел атындағы университеттің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тілші-ғалымдары мен әдіскер мамандары, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары, тестология саласының мамандары қатысты. Іс-шараның ашылуында ҚАЗТЕСТ жүйесі туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары, ф.ғ.к. Қуанышбек Тұрарбекұлы Маликов сөз сөйледі. «ҚАЗТЕСТ-тің бүгінгі жай-күйі, тілдік білімді бағалаудағы рөлі» тақырыбында ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы, п.ғ.к. Мәншүк Мұқаметқалиқызы Мұқаметқалидың баяндамаcы тыңдалды.
2.png
 

Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік тіл басқармасының басшысы Дүйсебаев Дәуірбек Құдабайұлы министрлік дипломаттар мен елшілік қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауда ҚАЗТЕСТ тестілеуін ерекше құрал ретінде қолданып келе жатқандығын, ҚАЗТЕСТ-тің нәтижесі бойынша Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне қосымша сыйақы белгіленетінін атап өтсе, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Амангелді Мұратұлы Қожабек ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы жөнінде баяндап, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Сөйлеу әрекетінің әр бөлігі бойынша (Тыңдалым, Лексика-грамматика, Оқылым, Жазылым) бірнеше жылдан бері әзірлеу мен сараптама жұмыстарына белсене атсалысқан мамандар Назарбаев университетінің профессоры Зейнехан Сейтханқызы Күзекова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, п.ғ.д, Шынар Қапантайқызы Құрманбаева, С. Демирел атындағы университетінің оқытушысы, ф.ғ.д. Майра Сатыбалдықызы Жолшаева, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы Дидар Жылқыбайқызы Рысқұлбек, Назарбаев университетінің оқытушылары Күлән Бейсенбайқызы Көпеш, Жанар Дәрібекқызы Байтелиева өз тәжірибелерімен бөлісті. Курс мазмұны қазақ тілін ересек тұрғындар арасында оқыту бойынша тіл оқыту әдістемелері, тілдік білімді бағалау, бағалау құралдарының ерекшеліктері саласындағы тіл мамандары, оқытушылары, әдіскерлері, ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының әзірлеушілері, сарапшылары, тестілеу ұйымдастырушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара аясында ҚАЗТЕСТ жүйесін дамытуда үздіксіз еңбектеніп, қазақ тілінің барлық салада қолданылуын кеңінен насихаттап жүрген тест тапсырмаларының әзірлеушілері мен сарапшылары, мемлекеттік органдардың, Облыстық тілдерді дамыту басқармалары және Тілдерді оқыту орталықтарының ҚАЗТЕСТ-ті өткізуге жауапты мамандары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Курс қатысушылары ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту мен жетілдіру жолында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызы мен ерекшелігіне тоқталып, аталған курстың мазмұны мен өткізілуіне жоғары баға берді.

Іс-шара барысында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша жарыққа шыққан оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің көрмесі өткізілді. Курс соңында қатысушыларға халықаралық дәрежедегі сертификаттар табысталды.

Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

info@kazakhtest.kz

Наверх