Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізінде ересектерге қазақ тілін оқыту ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар 03.12.2012

«Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізінде ересектерге қазақ тілін оқыту ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар


Астана қ., Алматы қ., Ақтөбе қ., Павлодар қ., 27-30 қараша 2012 жыл.

Тақырыбы: «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізінде ересектерге қазақ тілін оқыту ерекшеліктері» 

Мақсаты: Үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде халықаралық және қазақстандық тәжірибелер мен еуропалық стандарттарға негізделген мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау мәселелерін жүзеге асыру 

Міндеттері: - «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқыту үдерістерін жүйелеу жолдарын талдау; - қазақ тілін меңгеру талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттарға негізделген қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарлама мазмұнын қазақ тілін оқыту үдерісінде пайдалану жолдарын талдау; - мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары үшін қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі бойынша шеберлік сабақтарын өткізу; - әдістеме негізінде әзірленген қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдарды пайдалану арқылы тілді үйрету ерекшеліктерімен тәжірибе алмасу; - әдістеме негізінде әзірленген қазақ тілін оқытуға арналған бес деңгейлік оқулықтарды қазақ тілін оқыту сабақтарында пайдалану жолдарын үйрету; - әдістеме негізінде әзірленген қазақ тілінің грамматикалық анықтағышын мазмұнымен таныстыру және оны пайдалану жолдарын көрсету; - әдістеме негізінде әзірленген қазақ тілін оқытуға арналған бес деңгейлік оқулықтар мен қазақ тілінің грамматикалық анықтағышының мазмұнын, құрылымын түсіндіру. 

Семинар өткен аймақтар және мерзімдері: 
- Орталық және Солтүстік Қазақстан өңірі (Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) Астана қаласында, 2012 жылдың 28-29 қараша күндері; 
- Оңтүстік Қазақстан өңірі (Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары) Алматы қаласында, 2012 жылдың 27-28 қараша күндері; 
- Батыс Қазақстан өңірі (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары) Атырау қаласында, 2012 жылдың 29-30 қараша күндері; 
- Шығыс Қазақстан өңірі (Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Семей қаласы) Павлодар қаласында, 2012 жылдың 29-30 қараша күндері. 

Қатысушылар: ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігі Тіл комитеті, Ұлттық тестілеу орталығы, Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы, Астана, Алматы, Семей, Қостанай қаласы, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша Тілдерді дамыту басқармаларының қызметкерлері, Мемлекеттік тілді оқытудың мемлекеттік және мемлекеттік емес оқыту орталықтарының директорлары, оқытушылары және әдіскерлері.


Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх